Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Біріккен күрес әлемі легионер балуандарға қатаң талап қойды

15.11.2024, 09:54

Өзге елдің атынан күресуге ниетті балуандар үшін жағдай қиындай түспек

Біріккен күрес әлемі легионер балуандарға қатаң талап қойды
ҰОК

UWW енді легионер балуан үшін талапты күшейтіп, олардың Олимпиадаға қатысуын арнайы ережемен бекітті.

Бұдан былай өзге елдің атынан күресуге ниетті балуандар үшін жағдай қиындай түспек. Себебі, шарт бойынша құжаттық рәсімдер күрделеніп, жағдай бұрынғыға қарағанда ауыр болады.

Мәселен, енді балуандар үшін басқа елдің құжатын алумен қатар, сол мемлекеттің құрамасында үш жыл бойы өнер көрсетуі керек. Сонымен бірге, екі азаматтық бойынша да легионерге нақты таңдау жасауға тура келеді. Себебі, ол күресетін елде тұратыны туралы нақты дәлелдер де талап етілмек.

Бүгінде күрес түрлері бойынша Қазақстан ұлттық құрамасында легионерлер өте көп. Мәселен, әйелдер күресінде Елена Шалыгина 2006 жылдан бері өнер көрсетіп жүрсе, 2014 жылы еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев келіп қосылды. Ол екі Олимпиадаға қатысқанымен, алғашқы айналымнан аса алмады. Сондай-ақ, кеше ғана Таразда өткен ел кубогында Ресейден келген легионер Шамиль Ожаев грек-рим күресінен 87 келіде топ жарды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам