Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Қазақстаннан қысқы Азия ойындарына 139 спортшы қатысады

15.11.2024, 12:53

Азия ойындары Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді

Қазақстаннан қысқы Азия ойындарына 139 спортшы қатысады
ҰОК

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев ІХ қысқы Азия ойындарына Қазақстаннан қанша спортшы қатысатынын айтты.

Кезекті аламан 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді. Осы жолы жарыстарды Харбин және оның шығысында 200 шақырымда орналасқан Ябули қаласы да қабылдамақ. Атап айтқанда, Харбинде коньки спорты түрлері, шайбалы хоккей мен кёрлинг жарыстары, ал Ябулиде шаңғы спорты, биатлон, шаңғы альпинизмі жоспарланған.

«Елімізден спорттың алты түрінен 139 спортшы (71 ер, 68 әйел) қатысады. Олар 50 медаль жиынтығына таласады. Биатлоннан - 10 спортшы, кёрлингтен – 12 спортшы, конькимен жүгіру спорты – 20 спортшы, мәнерлеп сырғанау – 4 спортшы, шорт-трек – 12 спортшы, шаңғы жарысы – 12 спортшы, шайбалы хоккей (ерлер) – 23 спортшы, шайбалы хоккей (әйелдер) – 23 спортшы, тау шаңғы спорты – 8 спортшы, фристайл-акробатика – 7 спортшы, шаңғы жарысы – 8 спортшы», - деді Имашев.

Жалпы, кешенді аламанда құрлықтағы 32 елден 1147 спортшы бақ сынайды. Олар спорттың 6 түрінен (11 дисциплина - биатлон, тау шаңғысы, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, ски-альпинизм) 196 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Айта кетерлігі, 1996 жылы үшінші ақ Азиада да Харбин қаласында өтіп, онда Қазақстан 14 алтын, 9 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алған. Қазақстан қысқы Азиадаға сол 1996 жылғы ойындардан бері қатысып келеді. Осы аралықта 78 алтын, 62 күміс және 56 қола медаль жеңіп алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам