Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Танымал қарағандылық дзюдошы карьерасын аяқтады

19.11.2024, 15:01

32 жастағы балуан қазіргі кезде бапкерлік қызметке кірісіп кеткен

Танымал қарағандылық дзюдошы карьерасын аяқтады
ҰОК

Отандық танымал дзюдошы Жансай Смағұлов ресми түрде карьерасын аяқтады. Спортшы екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионатына қатысқан жоқ.

32 жастағы балуан қазіргі кезде бапкерлік қызметке кірісіп кеткен. Спортшы карьерасын жарақатына байланысты аяқтаған. Ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, қарағандылық балуанның жарақаты болып, оны емдеген. Енді жаттықтырушы ретінде өзін көрсетуді көздеп отыр.

Соңғы рет Жансай наурыз айында Аустрияның Линце қаласында өткен әлемдік гран-приге қатысқан. Сол кезде мексикалық Улисес Мендесті жеңген соң, жарақатына байланысты келесі айналымдарда күресе алмады.

Жансай Смағұлов – Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген. Екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан (Рио, Токио). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Үш рет әлемдік гран-приде топ жарған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам