ЖБ-болжам. «Бавария» ПСЖ-ны таптап өтеді, «Лейпцигте» шанс жоқ, «Ливерпуль» «Реалды» жеңеді

Қырғыздың танымал балуаны спортта қанша уақыт жүретінін мәлімдеді

Бүгін, 12:08

31 жастағы балуан 2028 жылы олимпиадаға қатысуды көздеп отыр

Қырғыздың танымал балуаны спортта қанша уақыт жүретінін мәлімдеді
24.kg

Әйелдер күресінен екі Олимпиаданың жүлдесін алған қырғыздың балуан қызы 35 жасында Лос-Анджелесте өтетін ойындарға қатысуды көздейтінін мәлімдеді.

Қырғызстан спортының танымал өкілі Айсұлу Тыныбекова өз еліндегі телеарналардың біріне берген сұхбатында алдағы жоспарымен бөлісті. 31 жастағы балуан осымен тоқтамай, 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды көздейтінін алға тартты.

«Әрбір спортшының арманы Олимпиада биігіне шығу. Мен сол биікке шыққанша барымды салып, тоқтамаймын», - деді Айсұлу Тыныбекова.

Айсұлу Тыныбекова 1993 жылы дүниеге келген. Ол 2012 жылы Лондон Олимпиадасында белдесіп, 17-ші орынға тұрақтады. Риода өткен ойындарда қола жүлде үшін күресте жеңіп жатып, соңғы секундта жеңісті уысынан шығарып алды. Ол Токио Олимпиадасында финалға шықса, Парижде қола медальға ие болды. Сондай-ақ, қырғыз балуаны үш дүркін әлем, алты дүркін Азия чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам