Ол енді 7-8 желтоқсанда Жапонияда өтетін Гранд Слэм турнирінде бақ сынайды
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан дзюдодан ТОП-6 турнирінде этникалық қазақ Кадербек Ёлка қола жүлдегер атанды.
Алғашқы белдесуде қандасымыз Моңғолияның 60 келі салмақтағы ең мықты балуаны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Париж Олимпиадасының қатысушысы Энхтайван Ариунболдыны жеңді.
Бұл салмақта жалпы алғанда 6 үздік балуан бақ сынады. Кадербек Ёлка бес белдесу өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңілген.
Моңғолияда тұратын қазақ балуаны 2023 жылы ел чемпионатында қола медаль, 2024 жылы алтынға қол созым жерде сүрініп, күміс медаль алған. Енді ол 7-8 желтоқсанда Жапонияда өтетін Гранд Слэм турнирінде бақ сынайды.