20 жастағы қазақстандық шахматшы үздіктер қатарында
Шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибисара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) үш бірдей рейтингінде бірінші орын алды.
20 жастағы қазақстандық шахматшы 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлемнің үздігі атанды. Сонымен қатар осы жас санатында блиц және рапид бойынша рейтингіде көш бастады.
Айта кетейік, Бибисара Асаубаева әйелдер арасындағы жалпы рейтингінде 13-орында тұр. Бұдан бөлек рапид (9-орын) пен блицтен (7-орын) топ-10-ға кірді. Асаубаева 2019 жылы әйелдер арасында гроссмейстер атанса, 2021 және 2022 жылдары блицтен әлем чемпионы атанған.