Кәсіпқой бокстағы суперинвестор 22 ақпанда Эр-Риядта бокс кешін өткізеді
Қазіргі кәсіпқой бокстағы суперинвестор Турки Әл аш-Шейх (Riyadh Season) 22 ақпанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін бокс кешінің толық кардын жария етті.
Бұл супертурнирдің басты жекпе-жегінде Канада атынан шығатын шешен жігіті Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) пен Қырғызстан тумасы, ресейлік Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) бастап тұр. Екеуі жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Бұған дейін алғашқы кездесу қазан айында өтіп, Бетербиев ұпай санымен жеңіске жеткен.
Одан кейін IBF белбеуінің иегері британиялық Дэниел Дюбуа (22-2, 21 КО) мен Жаңа Зеландия өкілі WBO тұжырымы бойынша экс-әлем чемпионы Джозеф Паркер (35-3, 23 КО) кездеседі. WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, жеңілмеген боксшы Шакур Стивенсон (22-0, 10 КО) отандасым Флой Скофилдтың (18-0, 12 КО) шамасын байқап көреді.
Осы тұжырым бойынша, бірақ орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамес (24-1, 18 КО) Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шықпай қалған Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) жолығады.
Одан бөлек осы кардта тағы үш жекпе-жек өтеді:
— Вёрджил Ортис (АҚШ / 22-0, 21 КО) vs Исраил Мадримов (Өзбекстан / 10-1-1, 7 КО) / WBC Interim (69,9 келі);
— Чжан Чжилеи (Китай / 27-2-1, 22 КО) vs Агит Кабайел (Германия / 25-0, 17 КО) / WBC Interim в (+90,7 келі);
— Джошуа Буатси (Ұлыбритания / 19-0, 13 КО) vs Каллум Смит (30-2, 22 КО) / WBO Interim (79,4 келі).