Александр Винокуров Италия спортшысына үміт артып отыр
23 жастағы италиялық велошабандоз Давиде Тонеатти соңғы үш маусымда (2022-2024) континенталдық Astana Qazaqstan Development Team командасында өнер көрсеткен. Енді Astana Qazaqstan Team құрамында Әлемдік турдағы дебютіне дайындалып жатыр.
Ол алдағы екі жыл бойы (2025 және 2026) Астана сапында жарыстарға қатысады.
«Мен өзімнің алғашқы кәсіби келісімшартыма қол қойып, Astana Qazaqstan Team сапында Әлемдік турға өтетініме өте қуаныштымын. Мен үшін 2022 жылғы алғашқы маусымнан бастап біздің жоба аясындағы континенталдық команда тарапынан маған көрсетілген сенім мен қолдау өте маңызды болды. Соңғы үш жылда мен көп нәрсені үйреніп, әртүрлі деңгейдегі жарыстарда мол тәжірибе жинадым. Енді келесі қадам маған үлкен мотивация беріп, бар күшімді салып, барымды көрсетуге тырысамын», – деді Давиде Тонеатти.
Astana Qazaqstan Team командасының бас менеджері Александр Винокуров Давиденың талпынысы мен еңбексүйгіштігіне жоғары баға берген.
«Биыл Тонеатти Әлемдік тур командасымен бірқатар жарыстарға қатысып, бірде-бір жарыстан шығып қалмады, континенталдық командаға жеңіс пен бірнеше жүлделі орындар әкелді. Оның жаңа деңгейге өтуіне ең қолайлы сәт қазір туып отыр, бұл оның прогресін қолдауға мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа маусымда Давиденің біздің негізгі командамыздың мүшесі болатынына қуаныштымын», – деді Александр Винокуров.