Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Токио Гранд Слэмінде күрескен қазақ дзюдошылары сынға ұшырады

09.12.2024, 14:38

Қазақстандық 11 дзюдошының ешқайсысы жүлде ала алмады

Токио Гранд Слэмінде күрескен қазақ дзюдошылары сынға ұшырады
IJF

7-8 желтоқсан күндері Токиода аяқталған Гранд Слэм турнирінде белдескен қазақстандық 11 дзюдошының ешқайсысы жүлде ала алмады.

Дәстүрлі турнирге қатысқан отандық татами шеберлерінің тек біреуі ғана қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алса, басым көпшігілігі алғашқы айналымнан жарысты аяқтады. Тек 73 келіде Бақытжан Әбдірахманов қана екінші айналымға өте алды.

90 келіде Максим Мейірлан қола үшін күресте жергілікті жапон дзюдошысы Комеи Кавабатадан айласын асыра алмады. Ол іріктеу кезеңдерінде Оңтүстік Корея және Италия балуанын ұтқан еді. Алайда жартылай финалға шығар сында ол тағы бір жапон спортшысына жол берді.

Айта кететін жайт, Қазақстан дзюдошылары Париж Олимпиадасынан кейін Загреб Гран Приі мен Абу Даби Гранд Слэміне қатысты. Бұған дейінгі сында дзюдошылар 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам