Елдос Сметов өз сыйлығын білім олимпиадасының чемпионына табыс етті (ВИДЕО)

Telegram WhatsApp

Сметовтің өзі қазір әлемдегі ең мықты дзюдошы атағын жеңіп алудан үмітті

Хабар-тв
Хабар-тв

«Қызық премия-2024» тележобасында құрметті қонақ болған даңқты дзюдошы Елдос Сметов өзіне табысталған сыйлықты қабылдамай, оны білім олимпиадасының чемпионына бергізді.

Нақтырақ айтсақ, Сметов жобада «Жылдың үздік спортшысы» атанған еді. 

Бірақ спортшы өз марапатын білім мен ғылымды қолдау мақсатында химия пәнінен 2023 жылғы халықаралық олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстауды жөн көрді.

«Мен өзім «Жыл спортшысы» номинациясын осыған дейін 3-4 рет алдым. Қазір Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы спорт маусымын қорытындылайтын «IJF Judo Awards 2024» жүлдесінің үміткерлер тізімінің қатарына ендім. Әлемде үздік болуыма қолдау көрсетіңіздер. Енді осы «Қызық премия» берген марапатты жылдың бастамасы болсын деп, химия пәнінен олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстағым келеді»

дейді Елдос Сметов

Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстан оқушылары IChO химиядан өткен халықаралық 55-олимпиададан бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Алтын медаль сол кезде «Назарбаев зияткерлік мектебінде» 12-сыныпта оқыған Санжар Бейсенәліге бұйырған. Бұл жарыс әлемдегі ең беделді 7 олимпиаданың қатарына кіреді.

Елдос Сметов болса былтыр Париж Олимпиадасында чемпион атанды. Ол үш бірдей олимпиадада жүлде алған Қазақстанның жалғыз спортшысы.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 56 600 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 260 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 504 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 573 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 277 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 163 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 277 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 816 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 497 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 478
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›