Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Головкин басқаратын Олимпиада комитетіне «Самұрық-Қазынадан» қанша қаражат бөлінеді?

14.01.2025, 13:12

Министр комитеттің қаржы мәселесінен бейхабар болып шықты

Головкин басқаратын Олимпиада комитетіне «Самұрық-Қазынадан» қанша қаражат бөлінеді?
ҰОК

Бұл сауалға туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз конференциясында жауап берді.

Тілші Ұлттық олимпиада комитетіне жыл сайын қанша ақша бөлінетіні, олардың қалай жұмсалып отырғаны және қызметкерлердің қанша айлық алып отырғаны туралы ақпараттың жоқтығын алға тартып, бұл сауалдарды министрдің өзіне қойды.

«Ұлттық олимпиада комитеті жеке ұйым болғандықтан және мақсаты халықаралық арена болғандықтан, қаражат мәселесін толық білмейміз. Дегенмен Спорт қорынан қаражат бөлінбейді. ҰОК-те он шақты қызметкер жұмыс істейді. Олар тек жалақы алады. Біздің республикалық федерациялар халықаралық байланыста. Әр федерация өзінің даму жоспарына сай контрибуция алады. Алайда комитетте кімнің қанша жалақы алатынын айта алмаймын, себебі менде ондай ақпарат жоқ. Егер қаласаңыздар, біз арнайы хат жолдап, бұл сұрақтың жауабын біліп бере аламыз», - деді Мырзабосынов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам