Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Елде тойға шақыратындар көп»: Елдос Сметовтің Лондонда оқуының себебі айтылды

17.01.2025, 09:32

Спортшы елге төрт айдан кейін оралады

«Елде тойға шақыратындар көп»: Елдос Сметовтің Лондонда оқуының себебі айтылды
olympic.kz

Жастар арасында танымал блогер, сценарист Ақарыс Әділжан Елдос Сметовтің Англияға кетуінің себебін түсіндірді. Ол даңқты дзюдошының қайнысы екенін де айта кету керек.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Англия астанасы Лондонға әйелімен бірге қоныс аударған еді. Парижден келген бойда ол шетелдегі жарыстарда тіл тұрғысынан қиналып, біршама кедергілерге тап болатынын айтқан. Енді осы кемшіліктің орнын толтырмақшы. Оқу курсы 4 айға созылады.

«Желіде ағылшын тілін үйреніп не істейді? Шавкат Рахмонов сияқты жүре бермей ме деп жазып жатыр. Негізі тіл білмеу ешқашан патриоттыққа жатпайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» деген бар. Шавкаттың ағылшын тілін білмеуі патриоттық емес. Қайта тіл үйренгенде елде көбірек пайдасы тиер еді. Хабиб Нурмогомедовтің командасынан байқап жүрміз ғой. Сондықтан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке тіл білу міндет деп ойлаймын», - дейді Ақарыс.

Елдос Сметовке ағылшын тілін елде жүріп, курста оқып-ақ үйренуге болады деген пікірлер де жазылған. Блогер оған да жауап берді.

«Салыстыратын нәрсе болады. Тіпті кітап жазатын авторлардың өзі кейде кітабын басқа қала барып жазғанды құп көреді. Себебі елде жүргенде көңілін әр жаққа бір бұрыла береді. Елдос қазір еліміздегі ең танымал спортшылардың бірі. Сондықтан туыстарының тойларында Сметовтің болғанын қалайтындар көп. Ол кісі адамның көңілін қалдырғанды ешқашан қаламайды. Ондай режиммен елде жүріп тіл үйрене алмайды. Қаражаты жетіп тұрса Лондонға барып үйреніп келгені дұрыс деп ойлаймын», - дейді блогер жездесі туралы. 

Еске салсақ, Ақарыс Әділжан белгілі актер Ұлан Нүсіпәлінің ұлы. Оның туған әпкесі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке тұрмысқа шыққан. Қазір бес баласы бар.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам