Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Атақты Хифуми Абэ үшінші рет Олимпиада чемпионы атану үшін не істейтінін айтты

20.01.2025, 13:49

Танымал спортшы алдағы 4 жылда барлық жарыста топ жаруды көздеп отыр

Атақты Хифуми Абэ үшінші рет Олимпиада чемпионы атану үшін не істейтінін айтты
Getty images

Дзюдодан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, жапониялық Хифуми Абэ алдағы жоспарымен бөлісті.

Халықаралық дзюдо федерациясы жариялаған сұхбатта танымал спортшы алдағы 4 жылда барлық жарыста топ жаруды көздейтінін атаған. 

«Менің мақсатым - Олимпиада ойындарын үшінші рет жеңу. 2028 жылғы Олимпиадаға қатысу, соған дейінгі барлық әлем чемпионатында топ жаруды көздеймін. Бұл ретте менің жасым да біразға барады. Сондықтан жарақат алудан барынша сақтануым керек. Токио Олимпиадасынан бір жыл бұрын менің Олимпиадаға қатысатыным анықталды. Сол кездері маған қатты қысым болған жоқ, Олимпиадаға өте жақсы дайындалдым. Ал Париж Олимпиадасында басқаша болды. Токио Олимпиадасында өзімді үміткер ретінде сезініп, барымды салдым. Ал Парижде үміткер емес, өзімді кезекті рет дәлелдеуім керек екенін сезіндім», - дейді Хифуми Абэ. 

Оның сөзінше, ол жаратақаттан барынша сақтануы үшін алдағы әлем чемпионаттарында белдесуді көздейді.

Сондықтан 2025-2028 жылдары аралығында өтетін әлем чемпионаттарының барлығына тұрақты қатысуға ниетті. Әрі жаттығуды да бос жібермей, Жапония құрамасындағы өзінің орнын үнемі дәлелдеп отыруды басты міндеті деп санайды. 

Хифуми Абэ дзюдодан 66 келіде күреседі. Ол Токио және Париж Олимпиадасында өз салмағындағы барлық қарсыласын айқын жеңді. Сондай-ақ, спортшы әлем біріншілігінің 4 мәрте жеңімпазы. Хифуми 2018 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатының финалында қазақстандық Ерлан Серікжановтан басым түскен еді. Оның туған қарындасы Ута Абэ де Олимпиада чемпионы, әлем чемпионатында 4 рет чемпион атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам