Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан биатлоншылары әлем кубогында жүлдесіз қалды

20.01.2025, 15:53

Қазақстандық спортшылар эстафеталық және жекелей жарыстарға қатысты

Қазақстан биатлоншылары әлем кубогында жүлдесіз қалды
ҰОК

Германияда аяқталған биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық шаңғышылар жүлдеден тыс қалды.

Рупольдинг қаласындағы турнирде отандық спортшылар эстафеталық және жекелей жарыстар бойынша сынға түскен еді. Алайда олардың көрсеткіштері мүлде көңіл көншітпеді.

Мәселен, ерлер арасында жекелей сын бойынша Владислав Киреев 67-орынға табан тіреді. Бұдан бөлек, Әсет Дүйсенов 90-орынға тұрақтаса, Иван Дарьиннің көрсеткіші 103-ші орын болды.

Ал әйелдер арасында Ольга Полторанина жекелей сында 66-орынға қол жеткізді. Галина Вишневская-Шепоренко 77-ші болса, құраманың тағы бір мүшесі Елизавета Белецкая 101-ші болып мәре сызығын кесіп өтті.

Рупольдингтегі әлем кубогының эстафеталық бәсекесінде Қазақстан ерлер құрамасы 21-орын алды. Өз кезегінде әйелдер командасы 18-ші орынмен жарысты аяқтап отыр.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам