Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Абиба Әбужақынова наурыз айында татамиге оралады

08.02.2025, 10:45

Париж Олимпиадасынан кейін ол енді екінші жарысына қатысып отыр

Абиба Әбужақынова наурыз айында татамиге оралады
Olympic.kz

Наурыз айының 7-9 күндері Аустрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран При турнирі өтеді. Линц татамиінде әзірге Абиба Әбужақынова бастаған қазақстандық 9 дзюдошы өнер көрсетеді деп жоспарланған. 

Атап айтқанда, Орынбасар Талғат (60 келі), Ботабай Нұрмұхамед (66 келі), Барыс Қуан (73 келі), Амангелді Мәди (81 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі),6 Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі) және Ақерке Рамазанова (+78 келі) Аустрияда Қазақстан намысын қорғайды.

Линц Гран При жарысы Әбиба үшін Париж Олимпиадасынан кейінгі екінші турнирі болмақ. Парижден кейін ол Абу Даби Гранд Слэм турниріне қатысып, қола медаль алған болатын.

Аустрияда Grand Prix Upper Austria турнирі 2023 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.  Бұған дейінгі екі турнирде де қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қайтқан.

Айта кетейік, қазіргі уақытта дзюдодан ұлттық құрама Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам