Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Дональд Трамп жынысын ауыстырған ер спортшылардың қыздар жарысына қатысуына тыйым салды

06.02.2025, 11:30

Заң тек АҚШ аумағында ғана күшіне ие

Дональд Трамп жынысын ауыстырған ер спортшылардың қыздар жарысына қатысуына тыйым салды
Rebecca Noble / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлық шығарды. Ақ үйде спортшы қыздармен кездесіп, бұйрыққа қол қойған Трамп «Бұдан былай әйелдер спорты тек әйелдерге қызмет етеді. Осы бұйрықпен әйелдер спортына қарсы дау аяқталды» деді.

«Соңғы жылдары көптеген спорт федерациялары ерлердің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына рұқсат берді. Бұл өте әділетсіздік және қорлау. Бұл әйелдер мен қыздардың жарыстарға қатысуына және шынайы күшпен бәсекеге түсуіне кедергі келтірді және олардың денсаулығына қауіп төндірді», - делінген оның бұйрығында.

Нәтижесінде АҚШ трансгендер спортшыларға виза бермейді. Дональд Трамп ХОК-ты 2028 жылы Лос-Анджелес Олимпиадасына трансгендерлік спортшыларды жіберуге тыйым салуға мәжбүр ететінін баса айтты.

Тіпті өзінің инаугурация рәсімінде Трамп тек екі жынысты: еркек пен әйелді мойындайтынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, былтыр Париж Олимпиадасының қыздар боксы бағдарламасында алжирлік Иман Хелифке қатысты дау туды. Бокс төңірегінде жүрген сарапшылар, тіпті боксшы қыздардың өзі Хелифтің еркек екенін айтып шағымданған. Алайда, ХОК боксшының жынысына қатысты тексеру жүргізбеді. Есесіне Хелиф Олимпиада чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам