
Қазақстаннан барған үш дзюдошы да жеңілді
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінде Қазақстанның бірнеше дзюдошысы бақ сынап жатыр. Біздің құрамадан бірінші болып татамиге Қанат Сейілхан шыққан болатын. Ол бірінші айналымда-ақ өзбек балуаны Азизбек Ортиковтан жеңіліп қалды (юко ұпайымен).
Ал, 60 келіде белдескен тағы бір отандасымыз Данияр Кулушев неміс балуаны Максимилиан Хейдерге жол берді. Отандасымыз үш рет шидо алып, жарыс жолынан шығып қалды.
Сонымен қатар Әділбек Берікұлы да 1/8 финалда испандық Гарсия Торнеден жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бұл дода – қазақстандық дзюдошылар үшін биылғы жылдың алғашқы жарысы. Бұған дейін Парижде өткен Гранд Слэм турниріне біздің балуандар қатысқан жоқ.