Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанның 500 мың айлық алатын волейболшылары 1 млн теңге жалақы сұрай бастады

24.02.2025, 12:24

Бұл жағдайға легионерлер туралы заң себеп болған

Қазақстанның 500 мың айлық алатын волейболшылары 1 млн теңге жалақы сұрай бастады
ҰОК

Жаңа заң қабылданар алдында 500 мың айлық алатын волейболшылар 1 млн теңге жалақы сұрай бастады. 

Қазақстанда легионерлер туралы заң қабылданғалы жатыр. Ол заң бюджет қаражатынан шетелдік спортшыларға жалақы төленбеуі тиіс. Мұны естіген отандық спортшылар жаңа келісімшартқа қол қояр алдында жалақыларын көтеріп алуға ниетті. Мысалы, волейболдан Ұлттық лигада ойнайтын алғашқы қадам бастап кетіпті. Бұл туралы sportarena.kz порталы жазды. 

Бұрын Қазақстанда қосалқы құрамда отырған орта деңгейлі волейболшылардың жалақысы 500 мыңнан аспаған. Енді олар 1 миллион теңгеден кем берсеңдер ойнаймыз деп қиғылық салып жатқан көрінеді. 
Айта кетейік, волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада 10 клуб ойнайды. 

Еске салсақ, жаңа заңға сәйкес, Қазақстанның клубтарында ойнап жүрген миллиондаған айлық алатын легионерлер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайтын болады. Бұл заң Мәжілістен өтіп, Сенат қарауына жіберілген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам