Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ислам Байрамуков қолдау көрсеткен қазақстандық танымал балуан допингпен ұсталды

24.02.2025, 23:18

Даулымбаев Ұлттық допингке қарсы орталыққа өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмаған

Ислам Байрамуков қолдау көрсеткен қазақстандық танымал балуан допингпен ұсталды
olympic.kz

Қазақстандық танымал еркін күрес балуаны Әділет Даулымбаев соңғы кездері республикалық және халықаралық жарысқа қатыспай кеткен еді. Оның себебін Sportarena.kz анықтапты. Спортшы допингпен ұсталған.

2024 жылы сәуірде Бішкекте өтетін Азия чемпионатына ұлттық құрама дайындалып жатады. Спортшыларды допинг-тест тапсыруға міндеттейді. Арасында Әділет те бар. Ол тапсырып, сосын Азия чемпионатына қатысады. Балуан 92 келіде жүлдеге ілікпей, жарысты 7-орынмен аяқтайды. Үйге келген соң, Даулымбаевтың сынамасы оң нәтиже көрсеткені туралы хабарлама түсті. Оның қанынан тыйым салынған «Дростаналон» препараты табылған. Бұл өте күшті стероид саналады.

Тексеру жүргізіліп, Даулымбаев Ұлттық допингке қарсы орталыққа өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмағанға ұқсайды. Өйткені, ол жарыстан шеттетілді. Сонымен қатар, дисквалификация өте ұзақ мерзімге берілді (30.04.2024 - 30.04.2028). Тағы да тамақтанудан шыққан кедергі ме?

Айта кетейік, 2024 жылдың ақпан айында тағы бір еркін күрес балуаны Талғат Сырбаздан да дәл сол «Дростаналон» табылған. Ал 2016 жылы... Азамат Дәулетбеков сондай жағдайға тап болған.

Еске салсақ, 2015 жылы Әділет Даулымбаев пен Аслан Кахидзе арасында жағдай шиеленіскен тұста даңқты қазақстандық балуан Ислам Байрамуковтың өзі Даулымбаевқа қолдау көрсеткен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам