Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Блиц-шахматтан әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева 6-орын алды

30.12.2023, 19:57

Ол былтыр осы жарыстың жеңімпазы болған

Блиц-шахматтан әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева 6-орын алды
worldrapidandblitz2022.fide.com

Самарқанда шахматтың блиц түрінен әлем чемпионаты аяқталды. Ресей шахматшысы Валентина Гунина (14 ұпай) чемпион болса, қазақстандық Бибісара Асаубаева (11 ұпай) алтыншы орын алды.

Қазақстанның өзге шахматшы қыздарының да нәтижесі белгілі: Меруерт Камалиденова (11 ұпай) – 8, Алуа Нұрманова (10,5 ұпай) – 18, Ксения Балабаева (10 ұпай) – 25, Зарина Нұрғалиева (9,5 ұпай) – 39, Әсел Серікбаева (8,5 ұпай) – 66, Назерке Нұрғали (8 ұпай) – 71, Амина Қайырбекова (7 ұпай) – 95, Лия Құрманғалиева (6,5 ұпай) – 102, Эльназ Қалиахмет (6 ұпай) – 107, Аяру Алтынбек (6 ұпай) – 110 орын.

Жарыста барлығы 118 шахматшы қыз қатысты.

Айта кету керек, былтыр дәл осы жарыс Алматыда өтіп, онда Бибісара Асаубаева чемпион атанған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам