Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Велоспорттан әлем чемпионы өз әйелін көлігімен қағып өлтірді

01.01.2024, 10:18

Ол Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлемнің алты дүркін чемпионы

Велоспорттан әлем чемпионы өз әйелін көлігімен қағып өлтірді
instagram.com/rohandennis

Автралиялық велоспортшы, Олимпиада ойындарының жүлдегері және әлем чемпионы Роан Деннис өз әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөздің хабарлауынша, Деннис көлікпен келе жатып, байқаусызда өз әйелі Мелисса Хоскинсты қағып кеткен. Марқұм да көзі тірісінде велоспортшы болған.

Оқиға 30 желтоқсанда Аделаида қаласында ерлі-зайыптылардың үйінің маңында болған.

Хоскинс ауруханаға жетіп қайтыс болды. Полиция 33 жастағы спортшыны дереу ұстап, оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Қазір Деннис үйқамақта. 13 наурызда оның соты басталуы тиіс.

Роан Деннис 2023 жылы спорттық мансабын аяқтаған. Ол Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлемнің алты дүркін чемпионы.

Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам