«Алынбас қамал»: Швециялықтар Темірлан Анарбековтің ойынына тәнті болды

Telegram WhatsApp

90 минут бойы қонақтар 23 жастағы қазақстандық қақпашының қақпасына 14 рет соққы бағыттаған

ФК "Қайрат"
ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайрат» Конференция лигасының негізгі кезеңінде өз тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Швецияның «Мьелльбю» клубына қарсы өткен кездесуде алматылықтар 1:0 есебімен басым түсті. Ал швед басылымдары бұл тарихи нәтиженің басты авторы ретінде қақпашы Темірлан Анарбековті атап отыр.

90 минут бойы қонақтар 23 жастағы қазақстандық қақпашының қақпасына 14 рет соққы бағыттағанымен, Анарбековтің шеберлігінен аса алмады. Матч барысында 7 сейв жасаған ол турнирдегі ең үздік 5 қақпашының қатарына енді.

Швециялық басылымдар Анарбековке жоғары баға берді:

  • Svenskafans.com: «Алынбас Анарбеков. Бізге тек соңғы нүкте жетіспеді. Бұл жолы сол шешуші тосқауыл – керемет матч өткізген 23 жастағы қазақстандық болды. Петтссон жеке-дара шыққан сәтте де, айып добынан кейінгі Юссеф пен Петтссонның қос соққысын да қатарынан қайтарды. Одан кейінгі Акидің соққысына да тамаша сейв жасады».

  • Aftonbladet.se: «Екінші таймда «Мьелльбю» есепті теңестіруге бірнеше рет жақын болды, бірақ «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков тамаша ойнап, қақпасын голдан аман алып қалды».

  • Fk.a2d.tv: «76-минутта таразы басын теңестіретін тамаша мүмкіндік туған еді, алайда шапшаң реакциясының арқасында Анарбеков әрдайым керек жерден табыла білді».

Ал «Мьелльбюдің» даниялық шабуылшысы Йеппе Кьер ойыннан кейін қазақстандық қақпашының шеберлігін ерекше атап өтті:

«Оған алғыс айту керек. Ғажап қақпашы екен. Бұл ойыннан көп сабақ аламыз, бірақ жасалған мүмкіндіктердің кем дегенде біреуін голға айналдыруымыз керек еді»

деді форвард blt.se басылымына берген сұхбатында

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 47 803 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 20 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 28 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 136 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 240 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 121 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 111 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 584 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 370 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 542 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 586 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 297
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›