Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Дзюдошы Ақмарал Науатбекке ерекше спорттық мәртебе табысталды

Бүгін, 01:06

Ол енді алтын түстес жазуы бар кимономен күреседі

Дзюдошы Ақмарал Науатбекке ерекше спорттық мәртебе табысталды
instagram.com/nauatbeka/

Париж Паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбекке ерекше спорттық мәртебе берілді.

Отандық спортшы енді алдағы төрт жылда есімі алтын түстес жазумен жазылған кимономен күреседі. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, жаңа кимононың фотосуретін жариялады.

Ақмарал Науатбек былтыр Париждегі Паралимпиадада 48 келіде чемпион атанған. Финалдағы шешуші белдесуде ол жергілікті француз парадзюдошысын қапы қалдырған еді.

Спортшы бұған дейін парадзюдодан әлем және Азия ойындарында топ жарғаны белгілі. Париждегі турнирден кейін ол Үкімет басшысының қабылдауында болып, өзге спортшылармен бірге мемлекеттік марапатқа ие болды.

Сондай-ақ, ол 2024 жылдың соңында мемлекет басшысының Францияға ресми сапары аясында Қазақстан делегациясының құрамына енді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам