Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Үш Олимпиадаға қатысқан жеңілатлет өз көлігінде өлі табылды

02.01.2024, 20:53

Оны белгісіз біреулер қасақана пышақтап кеткен

Үш Олимпиадаға қатысқан жеңілатлет өз көлігінде өлі табылды
World Athletics баспасөз қызметі

Угандалық желаяқ Бенджамин Киплагат Кенияда өлі табылды. Daily Monitor басылымының хабарлауынша, 31 желтоқсанға қараған түні куәгерлер спортшының мәйітін көліктен тауып, полицияға хабар берген.

Оқиға Кенияның Уасин Гишу округінде болған.

Киплагат көліктің тізгінінде өзі отырған. Оның денесінен бірнеше пышақ жарақаты табылыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, атлет мінген көлік мотоциклмен соқтығысқан. Яғни, белгісіз біреулер оның жолын әдейі бөгеп, тоқтаған кезде қылмысты жүзеге асырған деген болжам айтылуда.

Киплагат 34 жаста көз жұмды. Ол Уганда атынан халықаралық ірі жарыстарға қатысып, 3000 метрге жүгірген. 2008, 2012 және 2016 жылдары Олимпиада ойындарына, алты рет әлем чемпионатына қатысты. 2008 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алса, 2012 жылы Африка біріншілігінде қола жүлдегер атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам