Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Антикор Алматы облысы Спорт басқармасы басшысының ұсталғанын жоққа шығарды

18.03.2025, 08:53

Аталған ақпаратты ең алғаш болып Sona.kz telegram-каналы жариялаған болатын

Антикор Алматы облысы Спорт басқармасы басшысының ұсталғанын жоққа шығарды
Туризм және спорт министрлігі

Бұған дейін Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Айбол Құлбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты жоққа шығарды деп жазады ҚазТАГ.

«Оны ұстаған жоқ», - деп қысқа қайырған Антикор өкілдері.

Айта кетейік, басқарма басшысының ұсталғаны туралы мәліметті Sona.kz telegram-каналы жариялаған болатын. Дереккөздің жазуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Құлбаевтың бұрын қызмет атқарған колледж-интернатын тексеру барысында кем-кетік тауып, артынша экс-басшыны ұстаған көрінеді.

Біздің редакцияға хабарласқан Құлбаевтың көмекшісі де бұл ақпараттың жалған екенін растады.

Еске салайық, Айбол Құлбаев Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметін биыл ақпан айынан бері атқарып келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам