
Белгілі футболшы Нұралы Әліп те жылдың үздігі атанып отыр
Паралимпиада ойындарының чемпионы, даңқты дзюдошы Ақмарал Науатбек Metaratings top awards салтанатты кешінде «Үздік спортшы» атағын жеңіп алды.
Бұл номинацияға Ақмарал Науатбектен өзге Ангелина Лукас, Әбиба Әбужақынова, Александр Ле, Назым Қызайбалар да үмітті болған. Топ бес спортшының қатарынан дауыс беру қортындысы бойынша Ақмарал Науатбек үздік атанды.
Айта кетейік, бұл жүлдені Ақмаралға футболдан 2 дүркін әлем чемпионы, бразилиялық экс-футболшы Кафу (Марко Эдуарду да Силва) табыс етті.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы мен питерлік «Зениттің» қорғаушысы Нұрәлі Әліп те «Үздік спортшы» атағын иеленді.
Айта кетейік Metaratings Top Awards ресми іс шарасында спорт және бизнес саласындағы алғашқы Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздары, бұдан өзге үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, менеджерлер мен спорт ұйымдары, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ спорт бизнесі мен букмекерлік кеңселердің өкілдері де марапатталды.