Садулаев 5 млн долларын «тартып алмақ болған» олигархқа алғыс айтты

14.04.2025, 09:55

Ол дағыстандық дінбасыға ешқандай қарсылығы жоғын атап өтті

Садулаев 5 млн долларын «тартып алмақ болған» олигархқа алғыс айтты
instagram.com/sadulaev_abdulrashid

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев өзінің акцияларын тартып алмақ болған ресейлік олигархқа қатысты мәселе бойынша пікір білдірді.

Еркін күрестің әлемге танымал өкілі Еуропа чемпионатына бару үшін визаға қатысты туындаған мәселе бойынша жұмыстармен жүрген сәтінде күтпеген оқиғаларға тап болғанын атады.

«Соңғы бірнеше апта ішінде Еуропа чемпионатына белсенді дайындалып, виза мәселелерімен айналысып жүргенімде, өзім туралы көптеген жаңа, күтпеген «ақпараттарды» естіп, білдім. Сүлейман Керимов, республиканың мүфтиі шейх Ахмад-Афанди және менімен арадағы келіспеушіліктерге байланысты соңғы оқиғаларға қатысты өз пікірім мен ұстанымымды білдіргім келеді. Сүлейман Абусаидұлы мен үшін жасаған жақсылықтарды, күрескер ретінде қалыптасу жолымда көрсеткен қолдауын әрдайым ризашылықпен еске аламын», - деп жазды балуан.

Сондай-ақ, ол дағыстандық дінбасыға ешқандай қарсылығы жоғын атай келе, оған құрметі жоғары екенін алға тартты.

«Мен – қарапайым мұсылманмын. Өз жерлестеріме тек бірлік пен татулық тілеймін. Бар үмітті Алладан күтемін және дінбасыларымызға қарсы адамдардың қатарында емеспін. Үлкендер мен дін ілімін терең меңгерген кісілерге әрдайым құрметпен қараймын. Интернет кеңістігінде менің атымнан тарап жатқан мақалалар мен ақпараттар шындыққа жанаспайды деп қабылдауларыңызды сұраймын. Баршаңызға бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!», - деп жазды балуан.

Естеріңізде болса, бұған дейін Садулаевтың 5 млн АҚШ долларына бағаланған акцияларын Дағыстаннан шыққан белгілі олигарх Сулейман Керимов тартып алмақ болғаны туралы ақпарат тараған еді.

Сондай-ақ, 7-13 сәуір күндері аралығында Словакияда өткен Еуропа чемпионатына Абдулрашид Садулаевқа виза берілмей, аталған жарыстан тыс қалды. Өткен жылы Румынияда өткен құрлық біріншілігіне де белгілі балуан виза бойынша мәселе туындап, қатыса алмаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам