Олимпиада жүлдесін алған қырғыз боксшысы басқа салмаққа ауысты

15.04.2025, 12:40

Қырғыз боксшысы АҚШ-тағы турнирге қатысып жатыр

Олимпиада жүлдесін алған қырғыз боксшысы басқа салмаққа ауысты
Olympic

Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған қырғыздың танымал боксшысы Мұнарбек Сейітбекұлы басқа салмаққа ауысты.

Париж Олимпиадасында 57 келіде сынға түсіп, финалға дейін жеткен былғары қолғап шебері АҚШ-тағы турнирге қатысып жатыр. Бұл жолы қырғыз өкілі 60 келіде өнер көрсетуге бел буғаны белгілі болды.

«Мұнарбек Сейітбеков 13-19 сәуір аралығында Колорадо штатындағы Пуэбло қаласында өтетін халықаралық ашық турнирге қатысып жатыр. Бұл – оның Олимпиададан кейінгі алғашқы ірі жарысы және спорттық мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі», - деп мәлімдеді қырғыз бокс федерациясы.

Аталған құрамда Анвар Ходжиев (50 кг), Зафарбек Камилов (55 кг), Санжар Сейдакматов (55 кг), Мұнарбек Сейітбекұлы (60 кг), Алмаз Орозбеков (65 кг),  Эльдар Тұрдыбаев (70 кг) және Ихтияр Нишонов (70 кг) шаршы алаңға шығатыны айтылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам