Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Айта кету керек, қазақстандық теннисші осымен екінші жыл қатарынан Нинбо турнирінде жеңіске жетіп отыр

Getty Images
Getty Images

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Нинбода (Қытай) өткен WTA 500 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалда отандасымыз Канададан келген Лейла Фернандеспен (№30) кездескен болатын. Матч екі сетке созылып, 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 3 эйс және 2 дабл-фол жасаса, Фернандес керісінше – 2 эйс және 3 дабл-фолды өз еншісіне жазды.

Айта кету керек, қазақстандық теннисші осымен екінші жыл қатарынан Нинбо турнирінде жеңіске жетіп отыр. Бұл оның биылғы маусымдағы төртінші трофейі. Бұған дейін Рыбакина Штутгарттағы жарысты және «Үлкен дулыға» санатындағы US Open мен Australian Open турнирлерін жеңіп алған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам