Дастан Сәтпаев нағыз жұлдызға айнала алады - УЕФА басшысы

25.04.2025, 16:28

Александер қазақстандық футбол жайлы ойын ортаға салды

Дастан Сәтпаев нағыз жұлдызға айнала алады - УЕФА басшысы
UEFA

Қазақстанға арнайы ат басын бұрған УЕФА басшысы Александер Чеферин қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың АПЛ клубына ауысуына қатысты пікір білдірді.

Чеферин тілші Әділ Балтабаевқа берген сұхбатында «Челси» өкілдерінен 16 жасар Дастан туралы көп жақсы сөз естігенін алға тартты.

«Мен ол туралы көп естідім. Бұл бізде таланттардың көп екенін аңғартады. «Челси» өкілдерінен де Дастан жайлы жақсы сөздер естідім. Сәттілік жолдас болса, онда ол нағыз жұлдызға айнала алады», - деді УЕФА президенті.

Сонымен қатар Александер қазақстандық футбол жайлы ойын ортаға салды.

«Қазақстан ұлттық құрамасының деңгейі кәдімгідей өсіп келеді. Кейбір клубтар еурокубоктарда тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр. Жаңа жүйенің арқасында олар көрсеткіштерін бұдан да жақсарта алады», - деді Чеферин.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам