Дзюдошы Бақыт Құсақбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

26.04.2025, 14:43

Бұған дейін екі дзюдошымыз қола медаль алған еді

Дзюдошы Бақыт Құсақбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
IJF

Дзюдодан Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде әйелдер арасында Бақыт Құсақбаев қола жүлдеге қол жеткізді. 

57 келіде сынға түскен ақтөбелік татами шебері үшінші орын үшін белдесуде түркіменстандық Майса Пардаеваны ауырту әдісі арқылы жеңді.

Бүгін Құсақбаева іріктеу кезеңінде Непал спортшысы Манита Прадханнан айласын асырып, Азия чемпионатының үшінші айналымына сенімді түрде қадам басқан еді. Ширек финалда есе жіберген отандасымыз жұбаныш белдесуінде Үндістан балуаны Шахин Даржаданы таза жеңді.

29 жастағы дзюдошының бұл – мансабындағы үлкен жетістіктерінің бірі. Алғаш рет осындай ірі жарыста медаль алып отыр.

Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан дзюдошылары екі қола медаль иеленген еді. Оның бірі 60 келіде Шерзод Давлатов болса, екіншісі 48 келіде Ғалия Тынбаева болып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам