
Талдықорғандық клуб Азия чемпиондар лигасының финалында екі рет (2010, 2013) ойнап, екі мәрте күміс жүлде алған болатын.
Талдықорғандық «Жетісу» әйелдер волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының финалына шықты.
Жартылай финалдық ойында Жетісу волейболшылар Тайландтың «Натхонратчасима» клубымен ойнап, қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді – 25:20, 25:21, 25:21.
Талдықорғандық ұжым осы турнирде өткізген барлық төрт ойында да қарсыластарына бірде-бір сет бермей, жеңіске жетіп келеді.
«Жетісу» чемпиондық атақ үшін Вьетнамның ВТВ «Биньдьен Лонган» командасы мен Қытайдың «БАИК Мотор» клубтар арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Финал 27 сәуір күні өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін «Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының финалында екі рет (2010, 2013) ойнап, екі мәрте күміс жүлде алған болатын.