ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

AUYL SPORT жобасы ауыл балаларына халықаралық аренада жол ашты

16.07.2025, 16:33

Іріктеу 6 ауылдың арасында өткен

AUYL SPORT жобасы ауыл балаларына халықаралық аренада жол ашты
AUYL SPORT

Қазақстан каратэ федерациясы ұйымдастырған Kazakhstan Open 2025 халықаралық турнирінде алты елден келген 560-тан аса спортшы өзара мықтыны анықтады. Ката, кумитэ және командалық кумитэ бойынша өткен 58 санаттағы тартыс биыл ауыл жастары үшін тарихи кезеңге айналды. Себебі алғаш рет халықаралық аренада қазақтың ауыл балалары өнер көрсетті. 

Бұл – Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры жүзеге асырып жатқан «AUYL SPORT» нәтижесі. Жоба ірі кәсіпкер, спорт жанашары Тимур Құлыбаевтың ауылдағы талантты жастарға жол ашу жөніндегі стратегиялық бастамасы. 

Жоба аясында іріктелген 6 ауыл баласы ел намысын қорғап, екі бірдей жүлдемен оралды. Маңғыстау облысы Қызылсай ауылының 14 жастағы спортшысы Матжан Мәдениет 52 келі салмақта күміс медаль жеңіп алса, Басқұдық ауылынан Анищенко Захар 60 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. 

«Бұл менің ғана емес, мені баптаған жаттықтырушымның, демеу болған ата-анам мен ауылдастарымның жеңісі. “AUYL SPORT” жобасына және Halyk қорына шексіз алғыс айтамын», – дейді жас спортшы Матжан Мәдениет.

Айта кетейік, турнир қорытындысы бойынша, жастар құрамасы жасақталып, 2025 жылғы қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам