Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Олимпиадаға екі рет қатысқан қазақстандық бойжеткен тұрмысқа шықты

14.08.2025, 11:39

Фристайл могулдан Қазақстан құрамасының белді өкілі Оралдың келіні атанды

Олимпиадаға екі рет қатысқан қазақстандық бойжеткен тұрмысқа шықты
әлеуметтік желі

Фристайл могулдан Қазақстан құрамасының белді өкілі, қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері Аяулым Әмренова тұрмысқа шықты.

Олимпиада ойындарына екі рет қатысқан спортшы қыз Оралдың келіні атанды. Жуырда ғана ол ұзату туын өткізді. Ал бойжеткеннің жарының есімі – Мирлан Айтәліпов. 23 жастағы Аяулым сәуір айының соңында өзіне ұсыныс жасалғанын және ол келісімін бергенін жариялаған еді.

Естеріңізде болса, Аяулым Әмренова Италияның Турин қаласында ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиаданың салтанатты ашылу рәсімінде Мемлекеттік туды алып шыққан. Ал жарыс финалында жерлесі Анастасия Городкоға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болған еді. 

Бұдан бөлек оның қоржынында 2017 жылғы Еуропа кубогы кезеңдерінің алтын, күміс және қола медальдары бар. Сондай-ақ ол Қазақстан атынан 2018 жылы Пхёнчханда және 2022 жылы Бейжіңде өткен екі Олимпиада ойындарына қатысқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам