Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты басталды

14.08.2025, 18:00

Әлемнің 20-дан астам елінен 250-ге жуық спортшы қатысып жатыр

Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты басталды
Қорғаныс министрлігі

Елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешенінде әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты басталды.

Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) бастамасымен ұйымдастырылып отырған турнирге әлемнің 20-дан астам елінен 250-ге жуық спортшы қатысып жатыр. 

Қазақстан намысын Қарулы күштер мен Мемлекеттік күзет қызметінің таңдаулы спортшылары қорғайды.

Ерлер құрамасы:
55 кг – Бекжан Төлепов (ҚР ҚК), халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2022 және 2025 жылғы әлем чемпионы, Әлем кубогы мен Көшпенділер ойындарының жеңімпазы;
60 кг – Ернұр Сүлеймен (ҚР ҚК), 2023 жылғы Азия чемпионы;
66 кг – Ашым Сағындық (СҚҚ), халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан және Әлем кубогының чемпионы;
74 кг – Жұмажан Қожамбеков (ҚР ҚК), әлем және Азия чемпионы;
82 кг – Нұрдәулет Бақтыбайұлы (ҚР ҚК), Әлем кубогының жеңімпазы;
90 кг – Айдар Бескемпір (ҚР ҚК), екі дүркін Қазақстан және Азия кубогының чемпионы;
100 кг – Айбек Ізтілеуов (ҚР ҚК), жастар арасындағы Қазақстан чемпионы;
+100 кг – Ғалымжан Қырықбай (ҚР ҚК), Қазақстан кубогының жеңімпазы, «Қазақстан Барысы» турнирінің жүлдегері.

Әйелдер құрамасы:
48 кг – Айжан Жылқыбаева (ҚР ҚК), халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2024 жылғы Көшпенділер ойындарының жеңімпазы;
52 кг – Сағат Байғараева (ҚР ҚК), 2024 жылғы Қазақстан чемпионы;
56 кг – Рауза Нұрмұхамметова (ҚР ҚК), халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2022 және 2025 жылғы әлем чемпионы;
60 кг – Бақыт Қусақбаева (ҚР ҚК), көп дүркін Қазақстан чемпионы, Көшпенділер ойындарының жеңімпазы;
65 кг – Зарина Сәріпова (ҚР ҚК), халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем және Азия чемпионы;
70 кг – Роза Нысантайқызы (ҚР ҚК), Азия чемпионы, Жекпе-жек өнері ойындарының жеңімпазы;
77 кг – Зәмзагүл Файзолланова (ҚР ҚК), Қазақстан чемпионы және Кубогының иегері;
+77 кг – Ақерке Рамазанова (ҚР ҚК), Қазақстан кубогының жеңімпазы.

Жарысқа Бразилия, Венесуэла, Гана, Иран, Италия, Камерун, Қытай, Қырғызстан, Марокко, Молдова, Моңғолия, Нигерия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка және Эфиопия елдерінің әскери құрамалары келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам