ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Бәрі сен қалағандай бола бермейді»: Ризабек Айтмұхан жанкүйерлеріне үн қатты

16.09.2025, 20:46

Бірақ ең бастысы – сыңбай, алға қарай жүр

«Бәрі сен қалағандай бола бермейді»: Ризабек Айтмұхан жанкүйерлеріне үн қатты
©Olympic.kz

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан жанкүйерлеріне арнап жазба қалдырды.

Айтмұхан өз парақшасында күрестегі жеңіс пен жеңіліс туралы ойымен бөлісті:

«Бәрі сен қалағандай бола бермейді. Бүгін – ұтасың, ертең – ұтыласың. Бірақ ең бастысы – сыңбай, алға қарай жүр», – деді ол.

Жарыс жолындағы сәтсіздік

Әлем чемпионатының 1/16 финалында 97 келі салмақ дәрежесінде Айтмұхан ресейлік балуан Магомед Курбановқа 4:5 есебімен есе жіберді. Осылайша ол турнирді ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Жас чемпионның жетістіктері

Ризабек Айтмұхан – қазақ күресінің жаңа жұлдызы. Ол:

  • 2023 жылы небәрі 18 жасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды;

  • сол жылы қыркүйекте еркін күрестен әлем чемпионы болып, Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медаль иеленді;

  • үш мәрте Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2023, 2024, 2025).

Айтмұханның жанкүйерлеріне жолдаған сөздері оның күрестегі қайсарлығын тағы бір дәлелдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×