ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстандық гимнастар Венгрияда өтетін турнирге қатысады

24.09.2025, 14:59

Еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды

Қазақстандық гимнастар Венгрияда өтетін турнирге қатысады
ҰОК

26-28 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі өтеді.

Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады. Бұл турнирде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды: Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров және Диас Тойшыбек жүлде үшін сынға түседі.

Айта кетейік, жуырда ғана Парижде (Франция) өткен кезеңде Нариман Құрбанов ат снарядында орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам