
Бапкері Ғабиден Райымбекке де пәтер сыйлады
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали мен бапкерін марапаттады.
Балуанға Қызылорда қаласынан пәтер кілті және су жаңа темір тұлпардың кілті табысталды. Бапкері Ғабиден Райымбекке де пәтер сыйлады.
Еске салсақ, 2025 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 21 қыркүйекте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионы атануымен құттықтады.