
Female Pro League — Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық әйелдер киберспорт лигасы
Female Pro League #1 халықаралық турнирінің толық мәліметтері жарияланды. Ұйымдастырушылар турнирдің күндерін белгілеп, жүлде қоры жөніндегі ақпаратты жаңартты. Сондай-ақ, FPL аясында белгілі киберспортшылар мен инфлюенсерлер қатысатын медиа-турнир өтетіні хабарланды.
FPL-дің алғашқы маусымы CS2 ойыны бойынша $10 000 жүлде қорымен басталады.
Female Pro League #1 туралы жаңалықтарды Telegram-каналынан @femaleproleague, FPL-дің Instagram парақшасынан және X желісіндегі (ағылшынша) парақшасынан біле аласыздар.
Female Pro League #1 жүлде қоры:
Сонымен қатар, FPL-ді қолдау мақсатында медиа-турнир өткізу жоспарлануда. Оған танымал киберспортшылар, медиа тұлғалар және өтініш берген қыздар қатысады.
Female Pro League — Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық әйелдер киберспорт лигасы. FPL-дің мақсаты — қыздар үшін қауіпсіз әрі бәсекеге қабілетті орта құрып, ойын тәжірибесін арттыруға, әлемдік рейтингке ие болуға және жүлде табуға мүмкіндік жасау.
Дереккөз: Olimpbet Arena