ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

19 жастағы қазақстандық шахматшы рапидтен әлем чемпионы атанды

26.09.2025, 18:19

Ксения Балабаева ең үздік нәтиже көрсетті

19 жастағы қазақстандық шахматшы рапидтен әлем чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті. 19 жастағы отандасымыз әлем біріншілігінің 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 секунд қосылады) өткізілді. Балабаева екінші жарыс күнінен кейін 5 ұпаймен көш бастап тұрған. Жарыстың соңғы күнін Ксения 47-ші жүрісте Умида Омоноваға мат қойып, жеңіске жетті. Кейін Анна Журова және Афруза Хамдамовамен тең ойнап, 1-орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Ксения Балабаева – Қазақстанның ересектер арасындағы әйелдер құрамасының мүшесі. 2024 жылы Будапештте өткен шахмат олимпиадасында күміс алған. Ел намысын бұл чемпионатта Лия Құрманғалиева мен Әмина Қайырбекова қорғады. Әмина 6 ұпай жинап 7-орынға ие болса, Лия 5 ұпаймен 12-орында мәреге жетті.

2025 жылғы әлем чемпионаты (рапид, G20)
1. WGM Ксения Балабаева (2287) – 7 ұпай;
2. WIM Афруза Хамдамова (2384, Өзбекстан) – 6½;
3. WFM Варвара Полякова (2065, FIDE) – 6½;
4. WFM Анна Журова (2189, FIDE) – 6½;
5. WIM Умида Омонова (2265, Өзбекстан) – 6;

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам