ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Жарыстарда бізді ешкім фотоға да, видеоға түсірмейді – екі дүркін паралимпиада жүлдегері

27.09.2025, 12:30

Жаттықтырушымыз амалсыз өз қаражатына қажетті құрал-жабдықты сатып алып, жарыстарды түсіріп жүреді

Жарыстарда бізді ешкім фотоға да, видеоға түсірмейді – екі дүркін паралимпиада жүлдегері
Ұлттық паралимпиада комитеті

Токио және Парижде өткен паралимпиада ойындарының жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали елдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың спортына мүлдем мән берілмейтінін айтты. тіпті, жүлдені күреп әкеліп жатса да, қарапайым жағдайлар жасалмаған.

«Қайтакері кетіп барады. Нәтиже жақсарып жатыр, себебі Токиода қола алсам, Парижде күміс алдым. Біз сыйлықтар былай тұрсын, массажист пен дәрігерге, берілуі керек киімге зәру болып қалдық. Жыламаған бала секілді сүттен қағылып жүрміз, сол үшін енді үнсіз қалудың реті жоқтығын түсіндім. Жарыстарға бізбен бірге медиа өкілдері де бармайды, сұхбат беріп, суретке түсіру не видео деген жоқ. Жаттықтырушымыз амалсыз өз қаражатына қажетті құрал-жабдықты сатып алып, жарыстарды түсіріп жүреді, себебі кімнің қандай қателік жібергенін қарап отыру қажет. Келесі жылы Пара Азия ойындары өтеді, ол жарыста жеңімпаз атансақ деген ниетіміз бар, тыңғылықты жаттығу жасау керек, тек сол жаттығуды жасайтын жағдай болса дейсің», - дейді спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам