ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстан дзюдошылары Ислам ойындарынан үш медаль иеленді

09.11.2025, 08:59

Осылайша отандық татами шебері Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды. 

Қазақстан дзюдошылары Ислам ойындарынан үш медаль иеленді
ҰОК

Сауд Арабиясында басталған Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан дзюдошылары екі күміс, бір қола медальға қол жеткізді. 

60 келіде Шерзод Давлатов финалға дейін жетіп, шешуші сәтте түрік балуаны Салих Юлдузға есе жіберді. Осылайша отандық татами шебері Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды. 

Ол іріктеу кезеңдерінде Нигерия балуаны Муса Яхаяны жеңсе, жартылай финалда Мысыр спортшысын қапы қалдырған болатын. 

Сонымен бірге, 66 келіде күрескен Ержан Еренғайыпов финалда өзбекстандық Замохшари Бекмуродовтан осал түсіп, күміс жүлдені иеленді. Ол іріктеу кезеңдерінде Нигерия, Әзірбайжан балуандарынан айласын асырды. Ал жартылай финалда БАӘ балуанынан басым түсіп, финалға жолдама алды. 

Әйелдер арасында 63 келіде күрескен Самалай Ерғалиева Ислам ойындарының қола еншіледі. Іріктеу бәсекесін түрік спортшысын жеңген ол, финалға шығар жолда қырғыз балуанынан аса алмады. Дегенмен, үшінші орын белдесуде Иран өкілін жүлдесіз қалдырды.

Әйелдер арасында 48 келіде күрескен Диана Буркеева мен 52 келіде Толғанай Әбеуова жарысты жүлдесіз аяқтады. Ал 57 келіде күрескен Дина Мұханбет қола үшін күресте Мысыр спортшысына жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам