«Ордабасы» ойынды тағы сатты ма? ҚПЛ-де сауда қызды. Жаңа подкаст!

Қазақстан жасөспірімдері Канвон олимпиадасын аяқтады

01.02.2024, 17:34

Соңғы күні өткен аралас командалық эстафетада жерлестеріміз небәрі 16-орын алды

Қазақстан жасөспірімдері Канвон олимпиадасын аяқтады
olympic.kz

Қазақстан құрамасы Канвондағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын аяқтады. Спортшыларымыз бұл сайфста 3 жүлдеге қол жеткізген.

Оның ішінде Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден тарихи алтын жүлдеге ие болса, шорт-трекші Полина Омельчук пен хоккейшілер қола медаль еншіледі.

Хоккейден жасөспірімдер құрамасы жеңіп алған қола медаль да тарихи жүлде саналады. 3x3 форматында ойнаған қазақстандық жастар үшінші орын үшін таласта Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңді. Құрама сапында Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жахангер Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әнуар Ахметжанов ел намысын қорғады.

Жарыстың соңғы күнінде спортшылар аралас командалық эстафетадан өзара мықтыны анықтаған еді. 24 команда бақ сынаған додада қазақстандықтар мәреге 16-болып келді. Канвон Олимпиадасының соңғы жүлде жиынтығын Германия, Франция және Швейцария командалары бөлісті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам