ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Диора Келдиёрова балалы болғаннан кейінгі алғашқы жаттығуын бастады

10.11.2025, 14:54

52 келіде белдесетін өзбек балуаны былтыр Париж Олимпиадасында чемпион атанған

Диора Келдиёрова балалы болғаннан кейінгі алғашқы жаттығуын бастады
Коллаж 1bol.kz

Дзюдодан Өзбекстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Диора Келдиёрова балалы болғаннан кейін жаттығу рәсіміне кірісті. Бұл туралы әйелдер дзюдосының көрнекті өкілі желіде жазбаларында фото жариялап, немен айналысып жүргенін жанкүйерлеріне жеткізді.

52 келіде белдесетін өзбек балуаны былтыр Париж Олимпиадасында чемпион атанған болатын. Кейін ол өзінің жүкті екенін айтып, күйеуі екеуі қыз баланы күтіп жүргенін мәлімдеді. Биыл сәбилі болған ол жұбайымен бірге жаттығу залына баруды қолға алып, өзінің бабын тезірек қалпына келтіруді көздеп отыр.

Диора Келдиёрова Олимпиада ойындарына дейін әлем чемпионатында екі мәрте күміс жүлдеге ие болған. Ол 2024 жылы Франция астанасында өткен ойындар қарсаңында әлемдік рейтингте 52 келіде №1 балуан ретінде көш бастады. Олимпиадада алғашқы белдесуінде әлемге танымал, жапонның қарымды балуаны Ута Абэні жеңіп, сенсация жасаған еді. Сол сында чемпион атанған өзбекстандық дзюдошыға өз елінің үкіметі сый-сыяпатты аяусыз табыстады. Сондай-ақ, Өзбекстанның танымал тұлғасына айналған ол қоғамдық көптеген жұмыстарға араласа бастады.

Айта кететін жайт, спортшы әзірге мансабын жалғастыруға ниетте екенін айтқанымен, жарыстарға қашан қатысатыны туралы пікір білдірмеді. Ол 2028 жылы Олимпадаға қатысудан ниетті екенін де айтқан. Дегенмен, 27 жастағы спортшы үшін қайтадан өз салмағында көшбасшы болу оңайға соқпасы анық.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам