ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Елдос Сметов Елдос-Смет есімін иеленген балақаймен кездесті

13.11.2025, 11:31

Белгілі спортшы Семейдегі отбасылардың біріне қонақ болған

Елдос Сметов Елдос-Смет есімін иеленген балақаймен кездесті
Видеодан кадр

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзінің құрметіне есім-тегін қатар ат қылып қойған бір жастағы балаға бата берді.

Желіде жария болған бейнежазбада белгілі спортшы Семейдегі отбасылардың біріне қонақ болған. Сол жерде даңқты дзюдошы Елдос-Смет есімді балақайдың туу туралы куәлігін көріп, игі тілегін жеткізді.

«Елдос-Смет Ернұрұлы дейді. 1980 жылы Жақсылық ағамыз Мәскеу Олимпиадасында чемпион атанғанда сол есімді арқалаған балалар көбейді деп еді. 2024 жылы Елдос деген балалар көбейген секілді. Қазір ата-әжесінің, әке-шешесінің ұлы болса, болашақта елдің азаматы болсын! Болашағы жарқын, бізден асып түскен азамат болсын», - деді Елдос Сметов.

Қазақстанда Олимпиада чемпионы атанған спортшының аты мен тегін қатар есім етіп қойған отбасылар бар. Мәселен, белгілі мәдениет қайраткері Қалдыбек Құрманәлі бір сұхбатында ұлының есімін Бекзат Саттархан деп қойғанын айтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам