ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Бейбіт Жұқаев аңыз теннисші Новак Джоковичпен бірге жаттығып жүр

26.12.2025, 12:07

Жаңа маусым келесі аптада Австралияда басталады

Бейбіт Жұқаев аңыз теннисші Новак Джоковичпен бірге жаттығып жүр
әлеуметтік желі

Теннисшілер қазір Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жаңа маусымға дайындық аясында Бейбіт Жұқаев 24 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы, аты аңызға айналған Новак Джоковичпен бірге жаттығуда.

Жыл сайынғы Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастыратын жиынға Жұқаевпен қатар ұлттық құраманың өзге өкілдері – Юлия Путинцева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Денис Евсеев те қатысып отыр.

Жаңа маусым келесі аптада Австралияда басталады. Ал жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Australian Open 18 қаңтарда жалауын көтереді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам