Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Өте ауыр матч болды»: Елена Рыбакина Дохадағы жеңілісіне не себеп болғанын айтты

13.02.2026, 11:06

Рыбакина канадалық Виктория Мбокодан жеңілді

«Өте ауыр матч болды»: Елена Рыбакина Дохадағы жеңілісіне не себеп болғанын айтты
әлеуметтік желі

Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада (Қатар) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіліс тапқан ойынына пікір білдірді. 

Жартылай финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Рыбакина канадалық Виктория Мбокодан 5:7, 6:4, 4:6 есебімен жеңілді. Матч 2 сағат 25 минутқа созылып, қазақстандық спортшы үшін оңайға соқпаған.

«Бұл өте ауыр матч болды. Соған қарамастан, соңына дейін күресе алғаныма қуаныштымын. Соңғы кезде мұндай ұзақ кездесулер өткізбеген едім. Австралияда матчтар арасында бір күн демалыс болды, ал Australian Open турнирінде финалдан басқа барлық ойынды екі сетте аяқтадым. Дегенмен, Дохадағы бұл жарысты өзім үшін сәтті өтті деп есептеймін. Корттан тыс кейбір жұмыстарды да атқаруыма тура келді. Жалпы алғанда, бұл алдағы турнирлерге жақсы дайындық болды деп ойлаймын», – деп келтіреді Елена Рыбакинаның сөзін Tennis.com басылымы.

Айта кетейік, Дохадағы турнир Елена Рыбакина үшін Australian Open-2026 жарысынан кейінгі алғашқы бәсеке болды. Аустралиядағы додада ол мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам