Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық теннисші Бублик әлемнің үздік ондығына қайта оралды

18.05.2026, 09:31

ATP рейтингінде бір саты жоғарылап, әлемнің оныншы ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Бублик әлемнің үздік ондығына қайта оралды
Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында қайтадан әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енді.

Қазақстандық теннисші Италияда өткен «Мастерс» турнирінде үшінші айналымға дейін жетіп, америкалық Лернер Тьенге есе жіберген болатын. Соған қарамастан, Бублик ATP рейтингінде бір саты жоғарылап, әлемнің оныншы ракеткасы атанды.

Александрдың рейтингтегі өрлеуіне италиялық Лоренцо Музеттидің Римдегі былтырғы жартылай финал үшін жинаған ұпайларын қорғай алмауы әсер етті. Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласын басып озып, топ-10 қатарына қайта көтерілді.

Айта кетейік, осы маусымның басында Александр Бублик Қазақстан тарихында ATP рейтингінің үздік ондығына енген алғашқы ер теннисші атанып, ел спорты үшін тарихи жетістікке қол жеткізген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам