Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының мүшесі Соня Жиенбаева да алғашқы кездесуін жеңіспен бастады
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық теннисшілердің жарысы басталды. Бүгін кортқа шыққан Юлия Путинцева пәкстандық Ушна Сухаилды 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының мүшесі Соня Жиенбаева да алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Отандасымыз Гонконг теннисшісі Адитья Карунаратнемен кортқа шығып, 6:1, 7:5 есебімен басым түсті.
Юлия Путинцева бірнеше күн бұрын ғана Билли Джин Кинг кубогінде сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол испан қызы Кристина Букшаны үш сетте 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына ұпай салған болатын.