Бұл туралы Қытай жанкүйерлеріне арналған арнайы жобада айтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өзі үшін орны бөлек төрт қаланы атады.
Әлемнің бірінші ракеткасы Қытай жанкүйерлеріне арналған арнайы жобада Мәскеу, Алматы, Мельбурн және Лондон қалаларын таңдаған.
Спортшы әр қаланың өзіне несімен қымбат екенін де түсіндірді.
«Мәскеуді атар едім, өйткені сол жерде дүниеге келдім. Алматыны жақсы көремін. Мельбурн мен Лондонда достарым көп, ал Лондонда Уимблдон турнирінде жеңіске жеттім», – деді Рыбакина.